«Динара» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымы.
Бөбекжай 1991 жылы салынып, 2013ж пайдалануға берілді.
Ғимарат типі – бейімделген.
Қуаттылығы - 80 бала
Қызметкер саны – 23
Педагогтар – 9 1- «Басшы ұйымдастырушы», 5- «Педагог-Модератор», 5- педагог «Мектепке дейінгі оқыту әдістемесі» жоғары білімі бар.
Техникалық қызметкерлер саны – 14
Бөбекжай-бақша тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай 4 топқа бөлінген, «Айгөлек» кіші тобы, «Балбөбек» ортаңғы тобы, «Балауса» ересек тобы «Болашақ» ересек топтары ұйымдастырылған. Балабақшада асхана, музыкалық зал және медбике кабинеті бар. Сонымен қатар ойын алаңдарымен әр топқа күрке қарастырылған. Балабақша ауласында түрлі жеміс ағаштары мен гүлдер отырғызылған. Жасыл балабақша негізінде ұйымдастырылған жылыжай бар. Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасап, олардың зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік және дене дамуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс атқарады.
Мекемеде балалардың жас ерекшеліктеріне сай қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасы қалыптастырылған. Оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес ұйымдастырылады.
НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ
Балалардың денсаулығын сақтау, олардың қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру және мектепке жан-жақты дайындау.
МІНДЕТТЕРІ
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау;
Сапалы мектепке дейінгі білім беру қызметін ұйымдастыру;
Балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту;
Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу;
Ата-аналармен тығыз байланыс орнату;
Заманауи білім беру технологияларын қолдану.
